15.11.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Кәсіпорын мәселелері Үкімет назарында

 

         Бүгін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі Ермек Маржықпаев «МАЭК» ЖШС-де болып, кәсіпорынның бүгінгі жағдайымен танысты. Кездесу барысында комбинаттың өндірістік қызметіне қатысты маңызды мәселелер, атап айтқанда, энергетикалық станциялардағы жабдықтардың тозуы, оны жаңарту мәселелері талқыланды.

            «МАЭК» ЖШС Бас директоры Кинис Орақов және  облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы  басқармасының басшысы Бердібек Картбаев жаңғыртуды қажет ететін жабдықтар туралы ақпарат берді.

          Ермек Маржықпаев өңірдің энергетикалық объектілерін жаңарту жөніндегі жобаларды іске асырудың маңыздылығын атап өтті. Бұл қосымша инвестицияларды қажет етеді және ол жобаларды мемлекет те, жеке инвесторлар да қолдай алады. Жалпы,  инфрақұрылымды жаңғырту Маңғыстау облысын тұрақты энергиямен жабдықтауды және тұрақты дамытуды қамтамасыз етудің негізгі қадамы болып табылады.