Маңғыстауға ҚР Энергетика министрлігі Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің төрағасы Ержан Ерсаев жұмыс сапарымен келді. Ержан Ерболұлы «МАЭК» ЖШС-гі станциялар жұмысымен танысты. Кәсіпорынның бас директоры Кинис Орақов комбинаттың өндірістік қызметінің бүгінгі жай-күйі, кәсіпорынның жылу маусымы алдындағы жөндеу науқанының барысымен таныстырып, басқа да өзекті мәселелер туралы әңгімеледі.
Облыс орталығының магистральдық жылу желілерін реконструкциялау бойынша жұмыстардың орындалысы туралы Ақтау қаласы мен облыстың жауапты құрылымдарының басшылары баяндады. Ержан Ерсаев қала ішіндегі бұл нысандарды өзі аралап, жүргізіліп жатқан жұмыстар бағытымен танысты.
Кездесу қорытындысында, Комитет төрағасы жылу маусымы басталғанға дейін жылу желілеріндегі жөндеу жұмыстарын жеделдету қажеттігін атап өтті.