20.12.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Мемлекеттік сатып алуды негізсіз өткізуге жол бермеу және бюджет қаражатын тиімді игеру мәселелері талқыланды

 

       «МАЭК» ЖШС-де мемлекеттік сатып алуды негізсіз өткізуге жол бермеу және бюджет қаражатын тиімді игеру мәселелерін талқылау бойынша кездесу болып өтті.

  Кездесу «МАЭК» ЖШС қызметінде сыбайлас жемқорлық және  құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау шеңберінде ұйымдастырылды.

  Кездесуге Маңғыстау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті мен қаржы басқармасының өкілдері шақырылды.

      Кеңес барысында тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден мемлекеттік сатып алуды негізсіз жүргізудің ықтимал жағдайлары пысықталды.

      Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаттарын мүлтіксіз сақтауға баса назар аударылды:

      - мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиімді жұмсау;

      - әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беру;

      - әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестік, сатып алуға қатысушылар арасында сөз байласуға жол бермеу;

      - мемлекеттік сатып алу процесінің ашықтығы мен жариялылығы;

      - сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу.

     Кездесу соңында кеңеске қатысушылар тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуды өткізу және оларды мемлекеттік сатып алу саласындағы қолданыстағы заңнама шеңберінде, ең алдымен, сатып алудың бәсекелестік тәсілдерін қолдана отырып өткізу қажеттілігі жөніндегі пікірлер мен ұсыныстармен алмасты.