Жөндеу-құрылыс жұмыстары басқармасының қызметі ЖЭО-М жөндеу тобының базасында 1968 жылдың 13 қарашасында басталды. Бұл бөлімше комбинаттың ғимараттары мен құрылыстарына ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін құрылды. Оның алғашқы басшысы Андрей Бобошко болды. Қазірде Жөндеу-құрылыс жұмыстары басқармасының басшысы қызметін Ермек Сүлейменов атқаруда.
Басқарма құрамында өнеркәсіптік база және үш өндірістік учаске бар. 2001 жылы базада тротуар плиткаларын өндіру учаскесі ұйымдастырылды. Осында дайындалған плиткалармен кәсіпорынның әртүрлі нысандарындағы жолдарды (20 000 шаршы метрден астам) жаңарту бойынша айтарлықтай жұмыстар жүргізілді. Базаны ұзақ жылдар бойы тәжірибелі маман Жақсылық Орысбаев басқаруда.
№1 өндірістік учаскесінің жұмысшылары ЖЭО-2, БН-350, ДӨжӨЖСЖЗ және БӨжАҚ ЖЦ бөлімшелері объектілерінде жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізеді. Мұнда өз ісінің шеберлері Базарбай Түренов, Испан Қойшыбаев, Настя Сұлтанғазиевалар еңбек етеді. 40 жыл еңбек өтілі бар 5 разрядты тас қалаушы, комбинаттың құрметті ардагері Шектібай Халамединов ұжым мақтанышы, жастардың сүйікті тәлімгері. Жас болса да өз шеберлігімен көзге түсіп үлгерген Ходжабай Қараев, Ахмет Эржанов, Ерболат Ізмұхановтың кәсібилігін атап өткен жөн. Учаскеге таңдаулы мамандардың бірі Есқали Альбетов жетекшілік етеді.
№2 өндірістік учаске ЖЭО-1, АКБ, ЖҚСЦ, ДӨжӨЖСЖЗ цех №2, ОСЖТ объектілеріне жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Мұнда қызмет ететін учаске мастері Татьяна Өмірзақова, бригадирлер Ирина Шутова, Ержан Мәдиев, Мадимұхан Әбілов, Қалижан Мақсымов, өндіріс озаттары Амантай Үктібаев, Жарасбай Өтебуллаев, Түймеш Қонқаева сынды майталман мамандар еңбек етеді. Өндірістік учаскені тәжірибелі маман Жаннат Мырзабеков басқарады.
№3 учаске ұжымы кәсіпорындағы барлық бөлімшелер ғимараттарының шатырларын жөндеп, ауыстырумен айналысады. Учаскені мақтаулы маман Чавдурбай Көкенов басқарады. Айтулы мамандардың бірі Құрбантай Елеусіновтің жетекшілігіндегі бригадада еңбек ететін шатыр жөндеу шеберлері Әділ Иманбаев, Аманжол Әбілханов сынды тәжірибелі мамандар жастарға үлгі болуда.
Қазіргі уақытта Жөндеу-құрылыс жұмыстары басқармасында 111 адам қызмет жасайды. Ұжымдастарымызды кәсіби мереке - Құрылысшылар күнімен құттықтаймыз!