«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» жергілікті кәсіподағы мен «YNTYMAQ» бастауыш кәсіподақ ұйымы Дүниежүзілік балаларды қорғау күні бүлдіршіндерге тамаша мерекелік көңіл-күй сыйлады. Екі кәсіподақ өз мүшелерінің балалары мен немерелеріне қызықты іс-шаралар ұйымдастырды.
«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» жергілікті кәсіподағы ұйымдастырған іс-шара «My kids» ойын-сауық орталығында өтті. Онда 300-ден астам кішкентай қонақтар ойын-сауыққа қатысып, мереке қызықтарын тамашалады. Таңертеңгі сағат 10-нан кешкі 22-ге дейін балалар ойындар мен аттракциондар әлеміне еніп, көңілді сәттерді бірге өткізді.
Бұл күні «YNTYMAQ» кәсіподағы да өзінің кәсіподақ ұйымы мүшелерінің балалары үшін мереке ұйымдастырды. 480-нан астам бала «Aya Family" және «Kids Park» қалалық ойын-сауық орталықтарында өткен мерекелік іс-шараларға қатысты. Мұнда да балалар мерекені қуанышпен, көңілді қарсы алды, ал ата-аналары балапандарының бақытты сәттерінен естелік суреттер түсірді.
Кәсіподақтар бұл іс-шараларға ата-аналар мен ата-әжелердің қатысуына ерекше мән берді. Кәсіподақ мүшелерінің отбасылары балаларымен бірге әртүрлі ойын-сауықтарға қатысып, бірге уақыт өткізді.