16.09.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Баскетболдан Әуесқойлар лигасы жалғасуда

Ақтауда баскетболдан Әуесқойлар лигасы аясында жарыстар жалғасуда.

Кеше екі жеңіске дейінгі плей-офф сериясы басталды. Жартылай финалға маусым бойына өздерінің күші мен шеберліктерін ерекше көрсеткен төрт мықты команда шықты: MAЭK, Каспий Офис, Magic және MНУ. Олар финалға шығу және Лига чемпионы атағын алу үшін белсенді бәсекеге түсетін болады.

Ойындар 40 ш/а орналасқан BS Arena спорт кешенінде өтуде. Әр жексенбі сайын мұнда қызықты эмоцияларға толы тартысты ойындар өткізіліп, командалар қатары азайып, жеңімпазды анықтайтын күн де таяп келеді.

Әріптестер мен баскетбол жанкүйерлерін 19 мамыр күні сағат 11.00-де өтетін матчта МАЭК командасын қолдауға шақырамыз.

Финалдық ойындарды 2 маусымда өткізу жоспарлануда.