22.11.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Мемлекеттік инспектор Маңғыстауда

Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында ҚР Үкіметі Аппаратының өңірлік инспекторы Еркін Үйсімбаев «МАЭК» ЖШС-де болып, өндірістік қызметімен танысты.

Кәсіпорын басшылығы қонаққа ағымдағы жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы әңгімелеп, комбинатты жаңғырту  жоспарларымен таныстырды. Кездесу барысында мемлекеттің қолдауын қажет ететін бірқатар проблемалық мәселелер және оларды шешу  жолдары назарға алынды.

МАЭК  өндірісінің негізін құрайтын, оның тұрақты қызметінде аса маңызды орын алатын Каспий теңізінің таяздануы алаңдатарлық мәселе болып тұр. Теңіз деңгейінің одан әрі төмендеуі инфрақұрылымды жаңғыртуға үлкен көлемде қаражат салуды қажет етуі мүмкін.

Өңірде халықты ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі, сондай-ақ ескірген жабдықтарды жаңарту және жөндеу мәселесі өткір тұр. Осы себепті кәсіпорын басшылығы жаңа өндіруші қуаттарды салу мәселесін қарастыруда.