17.05.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Кәсіпорын қызметкерлеріне ауыз ашар берілді

Биылғы Амал мерекесі қасиетті ораза айымен тұспа-тұс келді. Бұл күні кәсіпорында ораза ұстап, құлшылық еткен әріптестерімізге ауыз ашар берілді.  

Мерекелік кешкі асқа кәсіпорын басшылары мен қызметкерлері және комбинаттың  кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысты. 

Алдыменен ауызашарға арнайы шақырылған Мұнайлы ауданының «Әр-рахман» мешітінің бас имамы Қайрат Қошкелдіұлы ауызашар дұғасын оқыды. Бас имам шарапаты мен сауабы мол Рамазан айында ораза ұстанып, құлшылық еткен жандарға алғысын білдіріп, рухани байлық пен жетістіктер, отбасы амандығын тіледі.  

Кәсіпорын басшысы Қайрат Рахимов қатысушыларды Амал мерекесімен және қасиетті ораза айының басталуымен құттықтап, ізгі ниетті құттықтау сөзін арнады.

Іс-шара барысында Имам қатысушыларға ораза айының құндылықтары мен маңызы, оның шарттары туралы әңгімеледі. Ораза ұстау – бұл тамақтанудан бас тарту ғана емес, ең алдымен адам жанының  рухани шынығуы мен денені сауықтыру. Рамазан – әрбір мұсылман үшін үлкен шыдамдылық, сабырлық мектебі.

Ауызашар соңында  жиналған қауым алақан жайып ас қайырып, игі тілектермен бата жасалды.