Осы сәрсенбіде «КазАзот» АҚ-на «МАЭК» ЖШС бас директоры Қайрат Рахимов бастаған делегация келді.
Кездесу барысында энергетика саласын дамытуды және күшейтуге қатысты стратегиялық маңызды мәселелер талқыланды.
Басты назар энергетикалық ресурстармен қамтамасыз ету және қала өмірін қамтамасыз ету саласындағы бірлескен ынтымақтастық мәселелеріне аударылды.
Қаланы ауыз сумен және жылумен қамтамасыз ету кәсіпорынның әлеуметтік жауапкершілігінің ажырамас бөлігі болып табылады.
Бұл кездесу «КазАзот» АҚ мен «МАЭК» ЖШС арасындағы серіктестікті нығайту және өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыру жолындағы маңызды қадам болды. Екі тарап өңірдің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған жобаларды одан әрі бірлесіп әзірлеуге және жүзеге асыруға дайын екендіктерін білдірді.