23.12.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Кадр мәселесі ішкі резерв арқылы шешілмек

«МАЭК» ЖШС-де алғаш рет қызметкерлерді бос лауазымдарға ішкі ауыстыру арқылы орналастыру процедурасы  жүргізілуде. Бүгінгі таңда кәсіпорынның 18 маманы мен қызметкері тестілеудің бірінші кезеңінен өткізіліп, олардың лауазымдарға лайықтылығына баға берілді.  

Тесттен өтуге 60 минут уақыт бөлінген. Осы уақыт ішінде қатысушы жұмыскерлер 30 сұраққа жауап беруі керек болды. Бұл шараның мақсаты – қызметкерлердің білімін, біліктілік деңгейін және олардың кәсіби өсу мүмкіндігін бағалау және тексеру.

Тестілеуден сәтті өткен қызметкерлер кейіннен бос лауазымдарға орналасу үшін конкурстық комиссия мүшелерімен сұхбатқа жіберілетін болады.

Алдағы уақытта «МАЭК» ЖШС-де бос лауазымдарға орналасуға конкурстық рәсім қажеттілігіне қарай өткізіліп тұрады.

Естеріңізге сала кетейік, комбинатта жаңа білімді игеріп, өз деңгейін өсіру  үшін жұмыс істеуге дайын қызметкерлердің ішкі мансаптық өсуін қамтамасыз ету мәселесі басымдыққа ие.