26.12.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Атом өнеркәсібі саласы қызметкерлерінің мерекесі

Бүгін кәсіпорынның БН-350 РҚ бөлімшесі өздерінің кәсіби мерекесін атап өтті. Атом саласы қызметкерлерінің күнін 28 қыркүйекке бекіту туралы Жарлыққа қол қойылған 2008 жылдан  бері атомшылар биыл өздерінің кәсіби мерекесін 15-ші рет қарсы алды.

Комбинаттың мәжіліс залына мерекелік  салтанатқа жиылған БН-350 РҚ  қызметкерлерін  комбинат басшылығы атынан «МАЭК» ЖШС бас директорының өндіріс және БН-350 РҚ бойынша бірінші орынбасары Мұрат Иғалиев құттықтап, жауапты саладағы абыройлы қызметтері үшін алғысын жеткізді.

Құттықтау сөз кезегін алған БН-350 реактор қондырғысы бөлімшесінің директоры Марат Молдағұлов: «БН-350 РҚ әлемде алғаш болып іске қосылған жылдам нейтронды реактор  қондырғысы ретінде атом энергетика саласында ерекше орын алады. Бүгінде қондырғыны пайдаланудан шығару  барысында да күрделі әрі маңызды жобалар жүзеге асырылуда. Сондықтан, сіздердің әрқайсыңыздың  еңбегіңізді құрмет тұтып,  ерекше бағалаймыз. Бүгінгі мерекелі күні сіздерге  барша жақсылықтарды тілеймін, бөлімшенің алдына қойылған маңызды тапсырмаларды жауапкершілікпен атқарып, табысқа жете берелік»,- деп өз тілегін арнады. 

Салтанатты жиында осы салада ұзақ жылдар қызмет етіп, кәсіби шеберлігімен танылған реакторлық қондырғының бірқатар  қызметкерлері Қазақстан Ядерлық қоғамының «Қазақстан Республикасының атом саласына еңбегі сіңген қызметкері»  төсбелгісімен, ҚР Энергетика министрлігінің  «Еңбек ардагері» медалімен, Алғыс хаты және Құрмет грамотасымен, «МАЭК» ЖШС-нің  Алғыс хаты, Құрмет грамотасымен марапатталды. Ал БН-350 РҚ директоры атом саласына сіңірген еңбегі үшін Марат Молдағұлов «Росатом» корпорациясының Құрмет грамотасын иеленді.

Шара соңында әріптестер бірін бірі марапаттарымен құттықтап, естелік суреттерге түсті.