Қара санатқа жатпайтын металл сынықтарының саны- 420,628 тонна.
«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС 420,628 тонна қара санатына жатпайтын металл сынықтарын сату бойынша сауда-саттық өткізетіні туралы хабарлайды:
Қара санатқа жатпайтын металл сынықтарының бастапқы құны -1 тоннаның құны -14 830 теңге, жалпы сомасы 6 237 913, 24 теңге.
«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС үшін ең тиімді сатып алу шарттарын ұсынған қатысушы жеңімпаз болады.
Ең тиімді болып металл сынықтарының барлық көлемі үшін ең жоғары бағамен ұсынылған шарттар танылады.
ҚР Салық кодексінің 248-бабының 23 - тармағына сәйкес металл сынықтарының бағасын ҚҚС-сыз көрсету қажет.
Қара санатқа жатпайтын металл сынықтары болат, шойын және мырышталған металдан тұрады.
Сатып алушы өз есебінен өзінің көлігімен «МАЭК-Казатомөнеркәсіп» ЖШС қоймаларынан қара санатқа жатпайтын қара металл сынықтарын алып шығуға тиіс.
Сауда-саттыққа келесі құжаттарды ұсынған барлық әлеуетті сатып алушылар жіберіледі:
-
уәкілетті тұлғаның қолымен және мөрімен бекітілген болжамды бағамен қатысуға өтінім (коммерциялық ұсыныс);
-
заңды тұлғалардың қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын жинауға (дайындауға), сақтауға, қайта өңдеуге және сатуға арналған лицензияның нотариалды куәландырылған көшірмесі;
-
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе тіркеуші орган берген заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама (заңды тұлға үшін);)
-
құрылтайшылар туралы мәліметтерді қамтитын құжаттар: заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген заңды тұлға жарғысының нотариалды куәландырылған көшірмесі; Типтік жарғы негізінде тіркелген заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны тіркеу туралы белгіленген нысандағы өтініштің көшірмесі (консорциум қатысқан жағдайда консорциумға кіретін әрбір заңды тұлға жарғысының нотариалды куәландырылған көшірмесі ұсынылады), сауда-саттық өткізілетін күнге дейін 30 (отыз) күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде берілген акцияларды ұстаушылардың тізілімінен үзіндінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;
-
үшінші тұлғаның атынан осы іске асыруға қатысу құқығын растайтын құжат (сенімхат);
Өтінімдер конвертте желімделген түрде ұсынылады, онда алдыңғы жағында «Қара санатқа жатпайтын металл сынықтарын сату» деген белгісі бар әлеуетті Сатып алушының толық атауы мен пошталық мекен-жайы көрсетіледі.
Сауда-саттыққа қатысуға өтінімдер мына мекен-жай бойынша қабылданады: 130000, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 7 өнеркәсіп аймағы, 65 ғимарат, комбинат басқармасы, «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС кеңсесі.
Өтінімдерді берудің соңғы мерзімі - 2018 жылғы «20» ақпан жергілікті уақыт бойынша сағат 16.00-ге дейін.
Өтінімдер 2018 жылғы «21» ақпан жергілікті уақыт бойынша сағат 10.00-де «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС басқармасының ғимаратында № 100 кабинетте қаралатын болады.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: 8 (7292) 564-092.