20.12.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

"МАЭК" ЖШС ЖЭС №1 энергоблокты жөндеу жұмыстары аяқтау туралы

2023 жылғы 6 шілдеде «МАЭК» ЖШС  Жылу электр станциясындағы №1 энергоблокты жөндеу жұмыстары аяқталып, сағат 05.51-де іске  қосылды.

Жөндеу жұмыстары 4 шілдеде энергоблок қазандығы біраз уақыт суытылып тұрған соң сағат 21:50-де басталды. Жұмыс тәулік бойы  MAЭК қызметкерлерінің күшімен жүргізілді.

Кәсіпорынның қызметкерлері оқиға орын алған сәттен бастап   энергоблок қазандығындағы жөндеу жұмыстарын тезірек қолға алып, қалпына келтіруге жұмылды. МАЭК мамандарының уақытында жедел іс-қимыл жасауының  арқасында энергоблок жабдықтарына елеулі зақым келтірілген жоқ. Соның нәтижесінде, облыс орталығы мен Маңғыстау облысының елді мекендерінің тұрмыстық тұтынушыларын электрмен жабдықтау бойынша шектеулер болған жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 3 шілдеде сағат 17:31-де қазандыққа беріліп тұрған  тоқ деңгейінің күрт өсуіне байланысты «МАЭК» ЖШС  ЖЭС №1 энергоблогінде мәжбүрлі тоқтау орын алды. 

Жөндеу жұмыстары арнайы жасақталған кесте бойынша жүргізілді, дегенмен жөндеу жұмыстары жоспарланған мерзімнен бұрын аяқталды.