«МАЭК» ЖШС (Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 7-өнеркәсіптік аймақ, 65-ғимарат) 27.12.2018 ж. №204-VI ҚР «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 25-бабы 9-тармағына сәйкес, тұтынушылар және өзге де мүдделі тұлғалар алдында «2023 жылдың 1 жартыжылдығының қорытындысы бойынша жылу энергиясын, ауыз суды, техникалық су, ыстық суды өндіруге, теңіз суын беру жөніндегі қызметтерге арналған тарифтік сметалардың орындалуы туралы, жылу энергиясын және ыстық суды өндіруге, ауыз су мен техникалық суды өндіруге арналған бекітілген инвестициялық бағдарламалардың орындалуы туралы есеп» бойынша ЖАРИЯ ТЫҢДАУ ӨТКІЗІЛЕТІНІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАЙДЫ.
Тыңдау 2023 жылғы 27 шілдеде сағат 11:00-де Ақтау қаласы, 1-шағын аудан, 18/2 ғимарат «Маңғыстау облыстық ғылыми-әдістемелік және мәдени демалыс орталығы» («Дружба» МҮ) мекен-жайында өтеді.