24.10.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Спартакиада 2023: Үстел теннисі

«МАЭК» ЖШС бөлімшелері арасында Спартакиаданың кезекті кезеңі аяқталды. Бұл жолы комбинат қызметкерлері үстел теннисі ойындарынан сайысқа түсті.  Жарыс қаладағы «Сұңқар» теннис орталығында болып өтті.

Жарысқа барлығы 5 команда қатысты. Командалар ойын шарты бойынша  3 адамнан,  яғни 2 ер адам және 1 әйел адамнан құралған. Теннис ойынның дөңгелек жүйесімен өткізілді.

«Сұңқар» спорт орталығының басшыларына кәсіби теннис үстелдерінде ойын өткізуге мүмкіндік бергені үшін үлкен алғыс айтқым келеді. Біз өткен жылы да осы залда жарыс өткізгенбіз. Арнайы жасақталған залда біздің жігіттер   өздерін еркін сезініп,  кәсіби теннисшілерше ойнауға мүмкіндік алды», - деп атап өтті жарыстың бас төрешісі, Қауіпсіздік қызметінің басшысы Қаныбек Шайдуллин.

Ойындар қызықты әрі тартысты өтті. Сонымен қатар команда жанкүйерлерінің қолдауы да ойыншыларды жеңіске жетеледі. Жарыс  қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте Қауіпсіздік қызметінің командасы I орын, II орын – Желілер мен қосалқы станциялар цехы, III орынды  ЖЭС жеңіп алды.

Спартакиадалық сайыста шеберліктің жоғары деңгейін көрсеткен жарыс жүлдегерлерін жеңісімен құттықтаймыз!