«Электр энергетикасы туралы» ҚР Заңының 12-1-бабының 2-тармағына сәйкес, сондай-ақ «Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту туралы» ҚР Энергетика министрінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы №514 бұйрығына Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы №192 бұйрығымен енгізілген өзгерістерді басшылыққа ала отырып, «МАЭК» ЖШС 30.05.2023ж. № 67-п бұйрығымен станция шиналарынан электр энергиясын жіберу бағасы ҚҚС-сыз 1 квт / сағ үшін 19,24 теңге мөлшерінде бекітіліп, 01.06.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізілгенін хабарлайды. Тариф құрамы:
· «МАЭК» ЖШС энергия өндіруші ұйымының электр энергиясын сату бағасы, оның электр энергиясына шекті тарифтен аспайтын, ҚҚС-сыз 1 кВтс үшін 18,68 теңге мөлшерінде;
· жаңартылған энергия көздерін пайдалануды қолдауға ҚҚС-сыз 1 кВтс үшін 0,56 теңге мөлшерінде үстемеақылар.
«МАЭК» ЖШС әкімшілігі