19.04.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Белсенді әйелдер бас қосты

25 мамырда «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-да облыстың жетекші мұнай-газ және энергетикалық компаниялары ұжымдарының нәзік жанды қызметкерлерінің кездесуі болып өтті.

Кездесуге «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «МАЭК» ЖШС, «МӨЭК» АҚ, «Маңғыстау Жарық» ЖШС, «ТеңізСервис» ЖШС, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ компанияларынан 30-дан аса өкілдер келіп қатысты.

Кездесудің бастамашысы KAZENERGY Әйелдер энергетикалық клубының төрағасы, «МАЭК» ЖШС Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары - Басқарма мүшесі Айзада Аққайсиева болды. Айзада Үмбетқызы клубтың құрылу тарихы, оның негізгі тұжырымдамалары, өткізілген форумдар, іс-шаралар туралы және осы клубтың мүшелері болып табылатын көшбасшы әйелдер туралы әңгімеледі.

Бас қосу барысында  қатысушылар бір-бірімен танысып, алға қойылатын басты мәселелер,  жоспарланған іс-шаралар туралы өз көзқарастарымен бөлісті, сондай-ақ барлық деңгейлерде және  қызмет салаларында әйелдерді қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу соңында «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қаржы департаментінің директоры Ильмуханбетова Шолпан  «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамында да  KAZENERGY Әйелдер энергетикалық клубының бір қанатын құру туралы бастамасын көтерді.

Айта кету керек, биыл KAZENERGY Әйелдер энергетикалық клубының құрылғанына 10 жыл толады.