«МАЭК» ЖШС спартакиадасының биылғы ойындары кәсіпорынның 55 жылдық мерекесі аясында өткізілуде. 16-19 мамыр аралығында комбинаттың волейбол командалары жарыс алаңына шықты. Төрт күнге созылған бәсекеде бөлімшелердің 6 командасының ойыншылары жеңіс кубогы үшін тартысқа түсті. Жарыс барысында жігіттер шиеленісті ойын үлгісін көрсетті, кейбір кездесулердің нәтижесін соңғы минуттарға дейін болжау мүмкін болмады. Жанкүйерлер де өз командаларын барынша қолдап, жеңісті сәтті жақындатуға тырысты. Ойындардың қорытындысы бойынша 1 орынды Қауіпсіздік қызметінің командасы, 2 орынды – ЖЭС, 3 орынды – Комбинат басқармасы / Бақылау –өлшеу құралдарын және автоматиканы жөндеу цехының біріккен командасы иеленді.
«Біздің қызметкерлер жеңіске деген ерік-жігерін, шеберлігі мен кәсібилік деңгейлерін көрсетті. Жалпы жігіттердің көбі бұрын да волейбол жарыстарына қатысып, талай мәрте жеңімпаз атанған әккі спортшылар. Командамыздың бүгінгі ойындарына да көңілім толды, жеңіске жеттік», - дейді жарыстың бас төрешісі Қауіпсіздік қызметінің басшысы Қаныбек Шайдуллин.
Кәсіпорын спартакиадасының алғашқы жеңімпаздарын құттықтаймыз!