Мерекелі мамыр айы қарсаңында «Бес шоқы» спорт сарайында волейболдан әуесқойлар кубогы үшін ерлер арасындағы облыстық чемпионаты болып өтті. Ойынға 13 команда қатысып, 2 күн бойы шаршы алаңда тартысты жарыс өтті. Нәтижесінде бұған дейінгі біріншіліктерде де алдына жан салмаған МАЭК командасы тағы да жеңіс тұғырына көтерілді. Бүкіл облыс аумағынан жиылған мықты волейболшылардан айласын асырып, шебер ойын көрсеткен маэктіктердің бұл жолы да мерейі үстем болды.
«Командамдағы жігіттерге ризамын, кәсіпорын абыройын үнемі биіктетумен келеді. Қандай жарысқа қатысса да әдемі ойын көрсетіп, көрермендердің қолдауына ие болады», – дейді команда жаттырушысы Қауіпсіздік қызметінің басшысы Қаныбек Шайдуллин.
Жеңіс құтты болсын жігіттер!