"МАЭК" ЖШС Қоғамдық кеңесінің алғашқы жиылысында әлеуетті жеткізушілердің бірі тігіп, дайындаған қызметкерлерге арналған арнайы киім мен аяқ киімнің жаңа үлгілері ұсынылды. Екі кәсіподақтың басшылары ұйым мүшелеріне киімдердің тігілу сапасына қатысты ұсыныс, пікірлерін білу мақсатында көрсетті. Егер бұл киімнің тігілу сапасы қызметкерлерге ұнайтын болса және барлық нормаларға сәйкес келсе, кәсіпорын жақын арада арнайы киімдерге мемлекеттік сатып алу рәсімін бастайтын болады.