23.12.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Ауыз су беру қысымы уақытша төмендетіледі

12.11.2022 ж. бастап «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп»  ЖШС ауыз су беру қысымын ОСЖТ-3-тен (ЦУВС-3) 3,0÷3,5 кгс/см2-ге дейін күн сайын 23.00-ден 05.00 сағатқа дейін төмендетуге, сондай-ақ ОСЖТ-4-ке (ЦУВС-4) жұмсалатын шығынды сағатына 550 тоннаға дейін төмендетуге мәжбүр. Қалған уақытта қаланың төменгі аймағына ауыз су беру қысымы 4,9÷5,1 кгс/см2, қаланың жоғарғы аймағына қысым 6,7÷6,9 кгс/см2 болады.

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС тұтынушыларға ауыз су беруді өзінің қолда бар мүмкіндігі  көлемінде жүзеге асырады. Қазіргі уақытта ауыз суды өндіру мен бөлу арасында жетіспеушілік пайда болды, бұл құрамында дистилляты бар резервуарлардағы деңгейлердің критикалық мәндерге дейін төмендеуіне және ауыз суды дайындау станциясының сорғы және технологиялық жабдықтарының істен шығу қаупіне әкеледі.

Сонымен қатар, «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС 2023 жылғы ең жоғары жүктемелердің жазғы кезеңінен өту үшін кестеге сәйкес су тұшыту қондырғыларын күрделі жөндеуге шығаруы қажет . Қазіргі уақытта ДТҚ-8 (ДОУ-8) жоспарлы жөндеуде. Сондай-ақ, басқа да су тұшыту қондырғыларын қысқа мерзімді жөндеулерге (сорғыларды ауыстыру, қысыммен сынақ жүргізу)  тұрғызу қажет болады.