23.12.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Ақтау қаласында «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-нің өтінімі бойынша жария тыңдау өтеді

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің стратегиялық тауарлар бағасының өзгеруіне байланысты жылу энергиясын өндіру және (немесе) жабдықтау, магистральдық құбырлар арқылы су беру (ауыз су, техникалық және ыстық су өндіру) жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер мен тарифтік сметаларды бекітуге түскен өтінімдері бойынша Жария тыңдау өткізуді ұйымдастырады.

Жария тыңдау 2022 жылғы 02 желтоқсанда сағат 15.00-де Ақтау қаласы 1 шағын аудан, №18/2 «Маңғыстау облыстық ғылыми-әдістемелік және мәдени-демалыс қызметі орталығы» ғимаратында  өтеді.

Сонымен бірге, көптеген мүдделі тұлғалардың қатысуын қамтамасыз ету мақсатында, жария тыңдау осы уақытта онлайн режимде  Facebook әлеуметтік желісіндегі Департаменттің ресми парақшасында көрсетілетін болады (https://www.facebook.com/profile.php?id=100051930454400). 

Департамент мәслихаттардың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдарын және өзге де мүдделі тұлғаларды жария тыңдауға қатысуға шақырады.

Департаменттің байланыс телефондары: 8(7292) 42-16-20, 43-84-11.