26.04.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Республика күні мерекесімен құттықтау

Құрметті әріптестер!

Сіздерді Республика күні мерекесімен  шын жүректен құттықтаймын!

1990 жылдың 25 қазанында алғаш рет Қазақ КСР Мемлекетінің Егемендігі туралы Декларация қабылданды. Еліміздің қалыптасу тарихында аса маңызды құжат қабылдаған дәл осы күннің алар орны ерекше. Онда Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді дербес шешу принциптері жарияланып, аумақтардың тұтастығы, бөлінбейтіндігі және мызғымастығы, ұлттық бірегейлікті нығайту сияқты қағидалар бекітілді.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылы 25 қазан - Республика күніне ұлттық мереке мәртебесін қайтарып, арнайы заңға қол қойды.  Бұл күн бейбітшілік, келісім мен бірлікте өмір сүретін көпұлтты қоғам құрудың алғашқы қадамы ретінде біздің жүрегімізде мәңгі қалады.

Еліміздің ертеңі жарқын, еңсесі биік болсын! Ал біз ел экономикасының қарқынды дамуы және  халқымыздың өмірін күннен-күнге жақсарту жолында адал еңбек ете берелік. Отбасыларыңызға амандық, денсаулық, бақыт тілеймін!

Бас директор                                                                                             Т. Есентүгелов