Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 204-VI «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 25-бабының 11-тармағына сәйкес, орналастырады.
- Инвестициялар
2021 жылға өз қаражатымыз есебінен жоспарланған инвестициялық бағдарламалар толық көлемде орындалды, сомасы - 220 155 мың теңге.
- Негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштер
2021 жылы жылу және су бойынша шығын 3 140 548 мың теңгені құрады.
- Реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемі
Жылу энергиясы - 1 275,668 мың.Гкал;
Ауыз су - 16 412,59 мың.м3;
Техникалық су - 3 241,23 мың.м3;
Ыстық су - 3 930,77 мың.м3;
Теңіз суы - 222 197 мың.м3.
- Реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша тұтынушылармен жүргізілген жұмыс туралы
Тұтынушылардың көрсетілген қызметтер үшін ағымдағы берешегінің деңгейін төмендету бойынша жұмыстар жүргізілуде.
- Есепті кезеңдегі тарифтік сметаларды орындау:
2021 жылғы жылу энергиясы мен су өндірісіне арналған тарифтік сметалардың орындалуы туралы мәліметтер
- Жылу энергиясын өндіру және су шаруашылығы жүйесінің қызметтері бойынша «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС қызметінің перспективалары (даму жоспарлары) туралы, пайдасы/шығындары
Көптеген жылдар бойы «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС жылу энергиясы мен су өндіру бойынша орасан зор шығындарға ұшырап келеді. Уәкілетті орган бекіткен тарифтер осы энергия ресурстарын өндіруге жұмсалатын шығындарды жаппайды, соның нәтижесінде жабдықтарды, жылу желілерін және құбырларды жұмыс жағдайында ұстауға бағытталған жөндеулердің көлемін қысқартуға тура келеді. 2015-2021 жылдар кезеңінде шығындар 18,9 млрд. теңгені құрады.
Толық есеппен maek.kz сайтында Компания - Есептер мен тарифтік сметалар бөлімінде танысуға болады.