22.11.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

МАЭК қызметкерлерінің еңбекақысы 30%-ға өседі

18 ақпанда «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-де құрылған Еңбек арбитражы қызметкерлер мен жұмыс беруші арасындағы ұжымдық еңбек дауын қарау бойынша бірлескен шешім қабылдады.

Еңбек арбитражының мүшелері мемлекеттік еңбек инспекторы Раушан Қалиеваның басшылығымен комбинат қызметкерлерінің өтінішіндегі 6 тармақты және ұсынымдық сипаттағы 2 мәселені қарады.

Жеті күннің қорытындысы бойынша Еңбек арбитражының мүшелері жұмыс беруші тараптың комбинат басқармасының басшылары мен қызметкерлері, бөлімшелердің басшыларынан басқа қызметкерлеріне жалақыны 30% - ға арттыру туралы, сондай-ақ ұжымның әйелдер қауымына 8 наурыз-Халықаралық әйелдер күніне және МАЭК-тің барлық қызметкерлеріне Наурыз мерекесіне 10 АЕК мөлшерінде, кәсіпорынның үнемделген ақша қаражатына қарай Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мен Энергетиктер күніне 25 АЕК мөлшерінде және тоқсандық  сыйақыны бірдей мөлшерде төлеу туралы ұсыныстарын қабылдады. Өзгерістер ағымдағы жылдың 1 наурызынан бастап күшіне енеді. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап жыл сайынғы еңбек демалысына 1 айлық жалақы мөлшеріндегі сауықтыруға арналған жәрдемақыны төлеу басталды.

Еңбек арбитражы хаттамасының күн тәртібіне сәйкес ұжымдық шартты әзірлеу кезінде инфляция деңгейіне қатысты жалақыны жыл сайын индекстеу мәселесі қаралатын болады.

Сонымен қатар, келесі жылы комбинаттың жұмысшы персоналдарының жалақысын көтеру жоспарланған.

Естеріңізге сала кетейік, еңбек арбитражының құрамына кәсіпорынның 3 қызметкері мен жұмыс берушінің 3 өкілі кірді, ҚР еңбек заңнамасына сәйкес арбитраж рәсімін бақылайтын мемлекеттік еңбек инспекторы Раушан Қалиева ұжымдық өтінішке сәйкес Арбитраж төрайымы болып сайланды.

 

 «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС баспасөз қызметі