Х А Б А Р Л А М А
«Электр энергиясына шекті тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2018 жылғы 14 желтоқсандағы №514 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 108 бұйрығын басшылыққа ала отырып, «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС 31.03.2021 жылғы №30 бұйрығымен станция шиналарынан электр энергиясына босату бағасын (тарифті) 01.04.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізе отырып, 1 кВтс үшін 13,68 теңге (ҚҚС-сыз) мөлшерінде бекітті.
«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС әкімшілігі