11.09.2025 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру

                      

      «МАЭК» ЖШС Cыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің өкілдері Орталық диспетчерлік қызметтің, Орталық релелік қорғау, автоматика, сынау, телеөлшеу және Коммерциялық диспетчерлеу қызметінің басшыларымен және қызметкерлерімен кездесу өткізді.

       Іс-шараның мақсаты - сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мәселелерін және кәсіпорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың маңыздылығын түсіндіру арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

       Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің негізгі міндеті кәсіпорындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың сақталуын бақылау, мүдделер қақтығысының алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болып табылатыны атап өтілді. Сондай-ақ, бұл қызмет жеке және заңды тұлғалардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық және корпоративтік әдеп нормаларын бұзу фактілері бойынша өтініштерін қарайды.

       Қатысушыларға сыбайлас жемқорлық мәселелері және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын басқа да бұзушылықтар бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны (тел. 64-266) немесе Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.  электрондық поштасы арқылы жүгіну мүмкіндігі түсіндірілді.

         Сонымен қатар, қызметке шағым түсіруді оңтайландыру үшін QR код таратылды, ол  қажетті ақпарат пен қызмет контактілері бар бетке кіруге мүмкіндік береді.

      Бұдан басқа, қызметкерлерге «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құпиялылық пен қудалаудан қорғауға кепілдік берілген.