15 тамыз күні Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығына сәйкес өңірдің дамуына үлес қосқан азаматтарға мемлекеттік наградалар табыстады.
«Құрмет» орденімен – «МАЭК» ЖШС ДӨжӨЖСЖЗ жөндеу цехы бастығының орынбасары Вадим Джиембетов марапатталды.
III дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордені – «МАЭК» ЖШС ДӨжӨЖСЖЗ жөндеуші-слесарі Мұратбек Оразовқа берілді.
«Ерен еңбегі үшін» медалі – «МАЭК» ЖШС ДӨжӨЖСЖЗ апаттық-қалпына келтіру жұмыстары бойынша слесарь Берік Туландиевке табысталды.
Аймақ басшысы марапат иелерін құттықтап, ел дамуы мен өңір өркендеуіне қосқан еңбектерін ерекше атап өтті. Салтанатты рәсімге «МАЭК» ЖШС бас директоры Кеңес Орақов та қатысып, әріптестерін құттықтады.