"МАЭК" ЖШС-де Қазақстан Республикасы күніне арналған салтанатты жиын болып өтті.
Кәсіпорынның бас директоры Кинис Орақов ұжымды құттықтап, мемлекетіміздің тәуелсіздігі мен Қазақстан халқының бірлігін нығайтуда бұл мерекенің алар орны ерекше екенін атап өтті.
Іс-шара аясында бас директор бірқатар қызметкерлерді өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың Алғыс хатымен марапаттады.
Сонымен қатар, бір топ қызметкерлерге жоғары өндірістік жетістіктері мен мінсіз қызметі үшін "МАЭК" ЖШС бас директорының Құрмет грамотасы табысталды.
Қазақстан Республикасында атом электр станциясын салу мәселесі бойынша өткен жалпыұлттық референдумға дайындық кезінде халықпен ақпараттық жұмысқа белсенді қатысқан БН-350 реактор қондырғысы қызметкерлері де назардан тыс қалмады.Олардың осы жобаның маңыздылығын түсіндірудегі күш-жігері Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттармен марапатталды.