10 қазанда «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» жергілікті кәсіподағы өздерінің кәсіби мерекесін атап өтті. Іс-шарада кәсіподақ төрағасы Мұрат Ізбаев кәсіподақ қозғалысын дамыту, ұжымдағы ұйымшылдық пен бірлікті нығайту және қызметкерлердің құқықтарын қорғау жұмыстарын белсенді жүргізгені үшін бөлімшелер кәсіподағының жетекшілеріне, еңбекті қорғау жөніндегі уәкілге және тексеру комиссиясының төрағасына Алғыс хаттар табыстады.
Мұрат Ізбаев еңбек ұжымдарындағы моральдық-психологиялық жағдайдың тұрақтылығын сақтаудың және ұйым мүшелерінің құқықтарын қорғаудың маңыздылығын атап өтті. Ол марапатталған әрбір белсендінің жұмысы да кәсіподақ пен оның мүшелері үшін үлкен маңызға ие екенін атап өтті, оларды төл мерекелерімен құттықтап, еңбектеріне табыс тіледі.
«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» Жергілікті кәсіподағының тарихы 1968 жылы құрылған комбинаттың тарихымен тығыз байланысты. Бүгінгі таңда серіктестік құрылымында 17 кәсіподақ комитеті қызметкерлерді жан-жақты қолдау бағытындағы жұмыстарын жалғастыруда.