27.09.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Спартакиада: Шағын футбол

 

        «МАЭК» ЖШС Спартакиадасы аясында шағын футболдан өткізілген жарыс өз мәресіне жетті. Үш аптаға созылған тартысты бәсекеге кәсіпорын бөлімшелерінен 12 команда қатысып, бақтарын сынады. Ақтық ойында Жөндеу зауытының РЗ-1 командасы Қауіпсіздік қызметі командасымен сайысқа түсті. Ең мықты екі команда жарыс соңына дейін бір-бірінің қақпаларына бірде-бір гол сала алмады. Нәтижесінде, екі команда пенальти сериясына шығып, қақпаға кезек-кезек доп соқты. Есеп 3:2 болып, РЗ-1 командасы жеңімпаздар кубогын иеленді. 3 орын үшін жарыста БН-350 РҚ командасы Жөндеу құрылыс жұмыстары басқармасының командасын 7:2 есебімен ойсырата жеңіп, жеңімпаздар үштігіне енді.
       Сонымен қатар, шағын футбол жарысында шебер ойын көрсеткен спортшыларға 9 түрлі номинация бойынша жүлде тағайындалды.
       Жарыс соңында кәсіпорынның бас директоры Кеңес Орақов, бас директордың корпоративтік және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Айсұлтан Сардарбеков, «МАЭК-Казатомөнеркәсіп" Жергілікті кәсіподағының төрағасы Мұрат Ізбаев жарыс жеңімпаздарын құттықтап, марапаттар табыстады.