Астана қаласындағы «Сайран Арена» спорт кешенінде шағын футболдан өткен 6-th Kazakhstan Champions CUP жарысына маңғыстаулық 5 команда («Атриум», «BS Stroy», «Dental Art», «Шаңырақ», «Кезби») қатысып, оның екеуі жеңімпаз болып оралды. Еліміздің түпкір түпкірінен келген 32 команданың арасынан біздің жерлестеріміздің мерейі үстем болды.
2023 жылдың Әлем чемпионы, 2024 жылдың Европа чемпионы, ақтаулық атышулы «Атриум» командасы бұл жолы да жарыстың жеңімпазы атанып, SOCCA World CUP 2025 Әлем чемпионатына жолдама алды. Ал, Ақтау қаласының тағы бір командасы «BS Stroy» бұл жарыста 2 орынды иемденіп, келесі жылы шағын футболдан өтетін Европа
чемпионатына қатысуға мүмкіндік алды. Ал жарыстың 3 орны үшін алаңға шыққан ақтаулық «Dental Art» командасы Алматы қаласының «Sozak» командасымен бәсекеге түсіп, өкінішке орай, қарсыластарына есе жіберіп алды.
Осы жарыстың жеңімпазы «Атриум» командасындасының белді футболшыларының бірі Ерлан Қарақұлов «МАЭК» ЖШС Бақылау-өлшеу және автоматика құралдарын жөндеу цехының қызметкері. Ал 2 орын иегері «BS Stroy» командасының шебер ойыншыларының бірі кәсіпорынның Қауіпсіздік қызметінің қызметкері Ақжол Қайратұлы.
Әріптестерімізді кезекті жеңісімен құттықтаймыз! Әрдайым жеңімпаздар қатарында, жеңіс тұғырында болғайсыздар!