Шағын футболдан 28 сәуірде басталған Маңғыстау облысының чемпионаты (6х6) 9 маусымға дейін жалғасады. Жарыс Ақтау қаласының 40 шағын ауданындағы «BS Arena» спорт кешенінде өткізілуде.
Чемпионатта 45 команда өзара деңгейлері бойынша 4 лигаға (Супер, Жоғары, Бірінші және Екінші) бөлініп жарысқа түсуде. Тәжірибелі әрі шебер ойыншылардан құралған МАЭК командасы Супер лигадағы мықтылар қатарында. Команда жігіттері жүлделі орын үшін барын салып, намысты қолдан бермеуге тырысуда. Әзірге нәтижелер жаман емес, жарыс соңына дейін тағы 4 командамен бәсекеге түспек.
Облыстық чемпионаттың соңында әр лигада үздік атанған 8 команда чемпионат кубогіне таласуға мүмкіндік алады. Ал «Супер лига» сайысында үздік атанған 2 команда Республикалық чемпионатқа жолдама алатын болады.
Бүгін, 23 мамырда сағат 20.30-да МАЭК командасы Молдовада өткен Euro Cup финалында socca нұсқасы бойынша шағын футболдан Еуропа чемпионы атанған атышулы ақтаулық «ATRIUM» командасымен шаршы алаңда кездеседі.
Ұжымдастарды атақты командамен болатын тартысты бәсекеде кәсіпорын командасын қолдауға шақырамыз! Спортшы әріптестерімізге сәттілік тілейміз!