19.09.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Кәсіпорын басшылығы чемпионды құттықтады

«МАЭК» ЖШС  басшылығы Молдовада өткен Euro Cup финалында шағын футболдан  Еуропа чемпионы атанған Ақтау қаласының «ATRIUM» командасы құрамында ойнаған әріптесіміз Ерлан Қарақұловты құттықтап, Алғыс хат табыстады.

Кәсіпорын басшысы Қайрат Рахимов Ерланға тек кәсіпорынның ғана беделін көтеріп қоймай айтулы жарыста еліміздің де абыройын асырғаны үшін ризалығын білдіріп, табыс тіледі.  Еңбек пен спортты қатар алып жүрген Ерлан Қаракұлов комбинаттағы Бақылау-өлшеу және автоматика құралдарын жөндеу цехының қызметкері.

Айта кетелік, «ATRIUM» командасы өткен жылы Германияның Эссен қаласында өткен шағын футболдан Soccа World Cup халықаралық турнирінде әлем чемпионы атанған болатын.