19.09.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

МАЭК волейболшылары турнир жеңімпазы

«Бес шоқы» спорт сарайында ерлер командалары арасында волейболдан турнир өтті.

Екі күнге созылған бәсекеге барлығы 9 команда қатысып, бақтарын сынады.

Турнирге қатысқан командалар шаршы алаңдағы жеңіс жолында тартысқа толы, қызықты ойын үлгісін көрсетті. Нәтижесінде, ерекше спорттық шеберліктерімен танылған «МАЭК» командасы І орынды иеленіп, жеңіске жетті.

Турнирдің MVP (бағалы ойыншы) атағы «МАЭК» ЖШС Қауіпсіздік қызметінің қызметкері Жомартбек Елубаевқа берілді, ал оның әріптесі Расул Рейимов ойынның «Үздік байланыстырушы» жүлдесін иеленді.

МАЭК волейболшылар командасын лайықты жеңісімен құттықтаймыз! Әріптестерімізге байрақты бәсекелерде басты жүлделер бұйыра берсін!