«МАЭК» ЖШС сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі кәсіпорынның қаржы ресурстарының жұмсалуын, сонымен қатар химиялық реагенттерді сатып алуға пайдаланылатын қаражат шығындарын да мұқият қадағалайды. Кәсіпорын үшін жоғары шығынды реагенттердің бірі Көлденең-құбырлы пленкалы буландырғыштарда (КҚПБ - ГТПИ) қолданылатын ПАФ-13 болып табылады. Бұл реагент Мемлекеттік сатып алу порталында ашық конкурс арқылы сатып алынады.
ПАФ -13 химиялық реагентін сатып алу процесін талдау барысында реагентті соңғы бірнеше жыл қатарынан ашық конкурс жеңімпазы болған бір ғана компания жеткізетіні белгілі болды. Бұл компания Қазақстан аумағындағы реагенттің жалғыз ресми жеткізушісі, әрі барлық қажетті рұқсат құжаттарына ие және өнімге қойылатын талаптарға да сай болды. Алайда, 2021 жылдан бастап «МАЭК» ЖШС үшін бір тонна ПАФ-13 реагентінің құнын компания 2 есеге жуық өсіргенін атап өткен жөн, бұл кәсіпорын шығындарының айтарлықтай өсуіне әкелді.
Мәселен, 2021 жылы реагенттің 1 тоннасының құны 1512 мың теңге, 2022 жылы – 2 531,2 мың теңге, 2023 жылы – 2 945 мың теңге болған.
2023 жылдың соңында «МАЭК» ЖШС басқа компаниядан ПАФ-13 реагентіне құжаттар пакетін алды. Олардың өнімдерінің құны комбинатқа жеткізуін қосқанда, бұрынғы жеткізушіден екі есе төмен. Реагентті сатып алудан үнемделген қаржы кәсіпорынның басқа қажеттіліктеріне жұмсалатын болады.