18.09.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

«ӨРТ – 2024» жаттығуы өткізілді

«Өрт-2024» республикалық командалық-штабтық жаттығуы аясында кәсіпорынның Жылу электр станциясы аумағында «МАЭК» ЖШС азаматтық қорғау объектілік құрылымдарының қатысуымен  тактикалық-арнайы оқу-жаттығуы өткізілді.

Республикалық жаттығу  өрт қаупі туындаған жағдайдағы  іс-қимылдарға басқару органдарының, азаматтық қорғаудың аумақтық жүйелерінің күштері мен құралдарының дайындық деңгейін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.

Оқу-жаттығу сценарийі бойынша бөлімшедегі мазут құбырының зақымдалуынан өрт пайда болып, №3 энергия блогы ажыратылды. Бұл жүйеаралық байланыстардың шамадан тыс жүктелуіне әкеліп, тұтынушыларды электр және сумен жабдықтау шектелді. Оқиға орнындағы барлық қызметтердің үйлесімді жұмысы, қажетті іс-шараларды жедел өткізу, сондай-ақ қосымша өңірлік мамандандырылған өрт сөндіру бөлімшелерінің өрт болған жерге жедел жетуі нәтижесінде байланыс желілеріндегі  жүктемелер азайтылып, энергия блогы мен сумен жабдықтау жүйелері  көп ұзамай қалпына келтірілді.

«ӨРТ-2024» оқу-жаттығуы барысында өртке қарсы қызмет құрылымдары мен  өрт туындаған жағдайда  шараларды  басқарған ұйымдардың, жауапты қызметкерлердің  өзара іс-қимылы  үйлесімді әрі жедел жүргізілгендігі анықталды және аса маңызды объектілердің қауіпсіздігі мен жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қызметтердің бірлескен жұмысының маңыздылығын атап өтілді.