26.12.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Мемлекеттік сатып алу талаптарын бұзуға жол берілмейді

Тәуекелдерге мониторинг жүргізу барысында «МАЭК» ЖШС-де сыбайлас жемқорлық бұзушылықтардың ықтимал жағдайларын анықтау мақсатында тексеру жүргізілді. Талдау барысында жалпы сомасы 1,4 миллиард теңгеден астам дистиллят өндіретін дистилляциялық су  тұшыту қондырғыларында (ДТҚ) пайдаланылатын жез тұрбаларды (ЛАМШ) сатып алу кезінде мемлекеттік сатып алу талаптарының бұзылуы анықталды.

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық соты  істі жан-жақты қарағаннан кейін «РТЕКС» ЖШС-мен шартты жарамсыз деп таныды. Сондай-ақ, ЛАМШ тұрбалары белгіленген мерзімде жеткізілмегенін де айта кету керек. Бұдан басқа, сатып алуды жүргізуге жауапты лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Қабылданған алдын алу іс-шараларының нәтижесінде қаражаттың оңтайлы жұмсалуын, әлеуетті өнім берушілер үшін тең мүмкіндіктер мен процестің ашықтығын, мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаттарын сақтау үшін жағдайлар жасалды. Бұл  комбинатта Мемлекеттік сатып алуды тиімді және ашық өткізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Айта кетейік, «МАЭК» ЖШС-де дистиллятты өндіру үшін дистилляциялық су тұшыту қондырғылары (ДТҚ) қолданылады, мұндағы негізгі элементтер буландыру аппараттары мен бастапқы суды жылытқыштар болып табылады. ДТҚ-да жылу алмасу үшін жезден жасалған ЛАМШ түтіктерін (жылу алмастырғыштарға арналған жезден жасалған тұрбалар) пайдаланады.