Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймыз!
Бүгін, 30 тамызда біз Негізгі Заңның қабылданғанына 28 жыл толуын атап өтудеміз. Барша заңның бастауы - Ата Заңымызда әр азаматтың негізгі құқықтары мен басты міндеттері сараланған. Бұл маңызды құжатта тәуелсіз еліміздің, халқымыз өмірінің ең басты құндылықтары көрініс тапқан.
Конституция - Қазақстан халқының бірлігінің символы, елімізде демократиялық үрдістердің заңды дамуының негізі және ертеңгі күнге, жарқын болашағымызға деген сеніміміздің кепілі болып табылады.
Мерейлі мерекеде Сізге денсаулық, бақыт, отбасы амандығын тілейміз! Аспанымыз ашық, елімізде бейбітшілік болсын!