21.11.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Кәсіпорын туралы

Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты (МАЭК) 1968 жылы 1 шілдеде өз алдына жеке кәсіпорын болып құрылды. Кәсіпорын өңірдегі өндіріс аймақтарын және тұрғындарды электр энергиясымен, жылумен және сумен қамтамасыз етеді.

Кәсіпорында 3 645 мамандар мен жұмысшылар қызмет етеді.

Комбинат құрамында үш электр станциясы (ЖЭО-1,ЖЭО-2, ЖЭС), Дистиллят өндіру және өнеркәсіптік жылу, сумен жабдықтау зауыты, Жөндеу зауыты, Желілер және қосалқы станциялар цехы, БН-350 реактор қондырғысы (1999 жылдан бастап қолданыстан шығару жұмыстары жүргізілуде) бар. Бұлардан басқа «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС құрылымына кәсіпорынның негізгі технологиялық жұмыстарын қамтамасыз ететін 11 өндірістік учаскелер мен қосалқы цехтар кіреді.

2003 жылғы 1 мамырдан бастап МАЭК энергетикалық кешенінің иесі және операторы «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының 100% еншілес кәсіпорны «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС болды.

2019 жылдың 14 қарашасынан бастап «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС ҚР Энергетика министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарының құрамына кірді.

2022 жылдың 21 қарашасынан бастап «Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты-Қазатомөнеркәсіп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 21 қарашадағы №930 Қаулысымен комбинат Маңғыстау облысының коммуналдық меншігіне берілді, сондай-ақ «МАЭК - Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-гі «МАЭК» ЖШС деп өзгертілді.

МАЭК өндірістік қызметті жүргізуге мүмкіндік беретін барлық тиісті лицензиялармен қамтамасыз етілген. Комбинатта объектілердің энергетикалық және өзге де жабдықтарын сенімді және апатсыз пайдалануға және қажетті жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндіктері мол, біліктіліктері мен білім деңгейі жоғары тәжірибелі мамандар еңбек етуде.

МАЭК тарихының жылнамасы

1962 г.

ЖҚСЦ

бірінші дизельдік электр станциясы іске қосылды

1962 г.

1962 г.

ЖЭО-1

алғашқы турбоагрегаттар іске қосылды

1963 г.

ТӨБҚ

тәжірибелік-өнеркәсіптік буландыру қондырғысы алғашқы тұщы суды берді

1963 г.

1964 г.

БН-350

жылдам нейтронды атом реакторының құрылысы басталды

1966 г.

ЖЭО-2

құрылысы басталды

1966 г.

1967 г.

ӨБҚ

өнеркәсіптік буландыру қондырғысы дистиллят шығара бастады

1968-1970 жж.

ЗПД

алғашқы бескорпустық батареялар пайдалануға берілді

1968-1970 жж.

1968 г.

Маңғышлақ энергия зауытының құрылуы (МЭЗ)

1968 г.

ЖЭО-2

бірінші кезегі енгізілді, ал 1985 ж. құрылыс толық аяқталды

1968 г.

1968 г.

ӨСЖН

өнеркәсіптік сумен жабдықтау нысаны құрылды

1972 г.

БН-350

реакторлық қондырғысын физикалық іске қосу жүргізілді

1972 г.

1973 г.

БН-350

реакторлық қондырғысының энергетикалық іске қосылуы жүргізілді

1978 г.

Маңғышлақ  атом энергетикалық комбинатының құрылуы (МАЭК)

1978 г.

1984 г.

ТЭС

екі блок қолданысқа берілді

1999 г.

БН-350

Қазақстан Үкіметі БН-350 реакторлық қондырғысын қолданыстан шығару туралы шешім қабылдады

1999 г.

2003 г.

Кәсіпорын «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық Атом Компаниясы  құрамына өтіп, «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС болып құрылды.

2018 г.

МАЭК-Қазатомөнеркәсіп

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС 100 % жарғылық капиталы «Самұрық-Қазына» АҚ тиісті болды

2018 г.

2019 г.

МАЭК-Қазатомөнеркәсіп

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС ҚР Энергетика министрлігінің басқаруына берілді

2022 г.

МАЭК

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 21 қарашадағы №930 Қаулысымен энергокомбинат Маңғыстау облысының коммуналдық меншігіне берілді. Кәсіпорын атауы «МАЭК» ЖШС болып өзгертілді

2022 г.