МАЭК
МАЭКМаңғыстау атом энергетикалық комбинаты
Кәсіпорын туралы
Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты (МАЭК) 1968 жылы 1 шілдеде өз алдына жеке кәсіпорын болып құрылды. Кәсіпорын өңірдегі өндіріс аймақтарын және тұрғындарды электр энергиясымен, жылумен және сумен қамтамасыз етеді.
Кәсіпорында 3 645 мамандар мен жұмысшылар қызмет етеді.
Комбинат құрамында үш электр станциясы (ЖЭО-1,ЖЭО-2, ЖЭС), Дистиллят өндіру және өнеркәсіптік жылу, сумен жабдықтау зауыты, Жөндеу зауыты, Желілер және қосалқы станциялар цехы, БН-350 реактор қондырғысы (1999 жылдан бастап қолданыстан шығару жұмыстары жүргізілуде) бар. Бұлардан басқа «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС құрылымына кәсіпорынның негізгі технологиялық жұмыстарын қамтамасыз ететін 11 өндірістік учаскелер мен қосалқы цехтар кіреді.
2003 жылғы 1 мамырдан бастап МАЭК энергетикалық кешенінің иесі және операторы «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының 100% еншілес кәсіпорны «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС болды.
2019 жылдың 14 қарашасынан бастап «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС ҚР Энергетика министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарының құрамына кірді.
2022 жылдың 21 қарашасынан бастап «Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты-Қазатомөнеркәсіп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 21 қарашадағы №930 Қаулысымен комбинат Маңғыстау облысының коммуналдық меншігіне берілді, сондай-ақ «МАЭК - Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-гі «МАЭК» ЖШС деп өзгертілді.
МАЭК өндірістік қызметті жүргізуге мүмкіндік беретін барлық тиісті лицензиялармен қамтамасыз етілген. Комбинатта объектілердің энергетикалық және өзге де жабдықтарын сенімді және апатсыз пайдалануға және қажетті жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндіктері мол, біліктіліктері мен білім деңгейі жоғары тәжірибелі мамандар еңбек етуде.
ӨНІМ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕР
Жоғары сапа стандарттарына сәйкес келетін электр энергиясын, жылу энергиясын, дистиллятты, ауыз суды, ыстық және техникалық суды үздіксіз өндіру.
СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ
Ақтау қаласы және қалаға жақын орналасқан елді мекендер үшін ауыз су өндіру
ЖЫЛУМЕН ЖАБДЫҚТАУ
Ақтау қаласы үшін жылу өндірісі
ЭЛЕКТРМЕН ЖАБДЫҚТАУ
Маңғыстау облысы үшін электр энергиясын өндіру, резервтеу және Атырау облысына беру
Видеоматериалдар
МАЭК – 55 жыл