17.05.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

«МАЭК» ЖШС Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі Мемлекеттік сатып алу тақырыбында семинар өткізді

«МАЭК» ЖШС Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру шаралары аясында Мемлекеттік сатып алу тақырыбында семинар өткізді.

Семинарға мемлекеттік сатып алу бойынша бағдарламалар әкімшілері, құрылымдық бөлімшелер басшылары қатысты.

Семинардың мақсаты мемлекеттік сатып алудағы бұзушылықтардың, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің және мүдделер қақтығысының алдын алу.

Кәсіпорынның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің (комплаенс-офицер) басшысы Булат Баймұратұлы Мемлекеттік сатып алу серіктестіктің қаржылық ағындарының едәуір бөлігі жүзеге асырылатын маңызды қызметтерінің бірі екенін атап  өтіп,  орын алған бұзушылықтар мен оның салдары,  жауапкершілік  және ол үшін берілуі мүмкін жазалар туралы әңгімеледі.

Кездесу барысында «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚРЗ-на сәйкес белгіленген мерзімдерді сақтау, техникалық сипаттамаларды дұрыс  жасақтау,  ТЖҚ-ті таңдау, шарттардың жасалуын ұйымдастыру мен оның орындалысын бақылау тәртібін қатаң сақтау қажеттігі ескертілді.

Сондай-ақ, Булат Баймұратұлы Мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнама нормаларын бұзбау және әкімшілік жауапкершілікке тартылмас үшін:

  • Конкурстық құжаттаманы (аукциондық құжаттаманы) бекіту сатысында немесе баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде орналастырылатын ақпарат бойынша шешім қабылдау кезінде;
  • Конкурстық құжаттама (аукциондық құжаттама) жобасын алдын ала талқылау барысында келіп түскен конкурстық құжаттама (аукциондық құжаттама) жобасына ескертулерді қарау кезінде;
  • Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудан бас тарту туралы шешім қабылдау кезінде;
  • Әлеуетті өнім берушілерді біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейді деп тану туралы шешім қабылдау кезінде;
  • Тікелей шарт жасасу жолымен және шартты орындау сатысында бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде ерекше назар аударуды ұсынды.

Семинар барысында мамандар қатысушылардың сатып алуды заң шеңберінде ұйымдастыру мен жүргізу мәселелеріне байланысты қойған көптеген сұрақтарына  тұшымды  жауаптар қайтарды.