30.04.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Металды техникалық диагностикалау, бақылау, тепловизиялық бақылау бойынша қызметтер

Радиациялық технологиялар және техникалық диагностика орталығы

Орталық ГОСТ ISO/IEC170252019 талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының аккредиттеу жүйесінде аккредиттелген, аккредиттеу аттестаты KZ Т.13. 0356.

Радиациялық технологиялар және техникалық диагностика орталығы Атом энергиясын пайдалану саласындағы төмендегідей лицензияларға ие:

  • Радиоактивті заттармен, құрамында радиоактивті заттар бар аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу, №20003761;

  • Қазақстан Республикасының аумағы шегінде ядролық материалдарды, радиоактивті заттарды, иондаушы сәуле шығару радиоизотопты көздерін, радиоактивті қалдықтарды транзиттік тасымалдау, №20003475;

  • Иондаушы сәулеленуді генерациялайтын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу, №20006712;

  • Атом энергиясын пайдалану саласында қызмет көрсету, №20006572.

Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстарды жүргізу құқығына 05.04.2018 жылғы №KZ01VEK00007698 аттестаты бар.

Металл және дәнекерленген қосылыстарды техникалық диагностикалау және бақылау

РТжТДО бақылаудағы және нормативтік қызмет ету мерзімі пайдаланылған жабдықтар мен құбырларды (қысыммен жұмыс істейтін жабдықтар, жүк көтергіш крандар және т.б.), техникалық диагностикалау жөніндегі жұмыстардың толық кешенін орындайды. Сондай-ақ, РТжТДО жабдықтар мен құбырларды монтаждау, дәнекерлеушілерді аттестаттау кезінде металл мен дәнекерленген қосылыстарға бақылау жүргізеді.

Металды техникалық диагностикалау және бақылау мыналарды қамтиды:

  • Жеке диагностикалық бағдарламаларды әзірлеу;

  • Металл күйін бұзбайтын әдістермен бақылау:

- көзбен бақылау және өлшеу,

- капиллярлық,

- магнитті ұнтақпен,

- ультрадыбыстық,

- радиографиялық,

- герметикалықты бақылау.

  • Металл күйін бұзып шағу әдісімен бақылау:

- механикалық сынақтар;

- металлографиялық зерттеулер;

- қаттылықты өлшеу;

- стилоскопиялау;

- коррозиялық зерттеулер.

Тепловизиялық бақылау

Анықтау:

  • Жылудың жоғалған учаскелерін;

  • Жылу оқшаулағыштың зақымдалған жерлерін;

  • Жылу трассаларындағы су аққан және жарылған жерлерді;

  • Ғимараттар мен құрылыстардағы жылу шығынын;

  • Жылу технологиялық және электр техникалық жабдықтар элементтерінің жай-күйін тексеру;

  • Энергетикалық жабдықтардың түйіскен және қосылған жерлерінің ақауларын;

  • Релелік қорғаныстағы пен автоматикадағы апаттық және шамадан тыс жүктелген элементтерді;

  • Арналарда, құбырларда және жасырын сымдарда шамадан тыс жүктелген кабельдер мен сымдарды.

Химиялық және экологиялық бақылау

  • Жер үсті және жер асты су ресурстарын химиялық бақылау;

  • Құйынды және ағынды суларды химиялық бақылау;

  • Ауыз су, тұшытылған су, техникалық және жерасты суларын химиялық талдау;

  • Атмосфераға зиянды заттардың шығарылуын бақылау.

Радиациялық бақылау және оңалту

  • Қоршаған орта объектілеріндегі (ауа, топырақ, су ресурстары, өсімдіктер, түптік шөгінділер) радионуклидтердің құрамын анықтау;

  • Аумақтарды, үй-жайларды, ғимараттарды радиациялық бақылауды жүзеге асырады;

  • Металл сынықтарын, құрылыс материалдары мен қалдықтарын радиациялық бақылауды;

  • Радионуклидтермен ластанған аумақтарды радиациялық оңалту.

Жұмыс орындарындағы зиянды табиғи және өндірістік факторларды бақылау (өнеркәсіптік санитария)

  • Жұмыс жүргізілетін аймақтың ауасындағы зиянды химиялық заттардың концентрациясын анықтау;

  • Жұмыс орындарындағы зиянды физикалық факторлардың параметрлерін анықтау;

  • Жұмыс орындарындағы метеофакторларды анықтау.

Иондаушы сәуле шығару көздерімен жұмыс (ИСК)

  • Иондаушы сәулелену көздерін жасау (жылдам нейтрондардың плутоний-бериллий және америций-бериллий көздері, кобальт-60 және цезий-137 негізіндегі гамма-сәулелену көздері);

  • Қызмет ету мерзімі өткен сәулелендіру көздерін ұзақ уақыт сақтауға қабылдау және орналастыру;

  • Радиоизотопты аспаптарды зарядтау-зарядтан шығару, құрастыру-бұзу, жөндеу, техникалық қызмет көрсету және баптау;

  • Иондаушы сәулелену көздерін және радиоактивті материалдарды Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалдау.