21.05.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні: МАЭК маңызды мерекені атап өтті

Кәсіпорында Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді. Елімізде 20 жылдан бері аталып өтіп келе жатқан бұл мереке қызметкерлердің жұмыс орындарындағы қауіпсіздігінің маңыздылығы мәселелерінің басымдығын сипаттайды.

«МАЭК» ЖШС Бас директоры Қайрат Рахимов ұжым мүшелерін мерекемен құттықтап, ізгі тілегін арнады. Ол өз сөзінде жұмыс орнындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету әрқашан жоғары басымдыққа ие болатынын атап өтті. Кәсіпорынның табысты қызметі де осы маңызды мәселенің дұрыс жолға қойылуына байланысты болмақ. Сондай-ақ, комбинат басшысы жұмысшылардың адал еңбегі жоғары бағалануға лайық екенін атап өтті.

Шара барысында комбинаттың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында еңбек ететін қызметкерлеріне Алғыс хаттар табысталды. Олардың әрқайсысы өз қызметінде еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтауға белсенді қатысады және жұмыс орнындағы қауіпсіздік талаптарын жақсарту бойынша кәсіби деңгейдегі ұсыныстар жасап, өндіріс жұмысының тиімділігін арттыруға атсалысады.

Кәсіпорынның бас директоры Қайрат Рахимов пен Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторы Бауыржан Кемалов кәсіпорынның еңбек озаттарына марапаттар табыстады. Аймақтық еңбек инспекциясы атынан ол өз жұмысында ерекше жетістіктер көрсеткен «МАЭК» ЖШС төрт қызметкеріне марапаттар табыс етті.

Мерекеде Маңғыстауда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында еңбек ететін кәсіби мамандарға құрмет көрсетілді. Шақырылғандар қатарында энергокомбинат қызметкерлері де бар. Қызметтегі жоғары кәсібилігі мен еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қосқан үлестері үшін «МАЭК» ЖШС Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау профилактикасы қызметі (ЕҚжЕҚ ПҚ) инженерлері Молдабай Гаржауов пен Владимир Березовский өңір басшысының Алғыс хаттарымен марапатталды.