02.05.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Бас директордың орынбасары тағайындалды

Бүгін «МАЭК» ЖШС Бас директорының жаңғырту және логистика жөніндегі орынбасары – Басқарма мүшесі болып Абай Шанғытбаев тағайындалды. Абай Мұхтарұлы Шанғытбаев-Қазақстанның еңбек сіңірген энергетигі, оның жалпы жұмыс өтілі 40 жылдан асады.

Абай Шанғытбаев 1988 жылы Қазақ политехникалық институтының Автоматика және басқару жүйесі факультетін инженер-электрик мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын «ЗапКазЭнерго» аймақтық басқармасы Оңтүстік электр желілерінің байланыс электромонтері, релелік қорғау және автоматика қызметінің инженері қызметтерінен бастады.  1991 жылы – «ЗапКазЭнерго» АБ Шығыс электр желілерінің релелік қорғау, автоматика және өлшеу инженері, 1999 жылы Энергетика және көмір өнеркәсібі министрлігінің «Мемэнергоқадағалау» БҚАБ энергоинспекциясының инспекторы болып жұмыс істеді. 2004 жылы «Ақтөбеэнерго» ААҚ Өткізу департаментінің инспекторы, Хромтау аудандық электр желілері учаскесінің басшысы  болды.

Әр жылдары ҚР Энергетика министрлігі Электр энергетикасы департаменті директорының орынбасары, Астана қаласы бойынша ҚР Энергетика министрлігі Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің аумақтық департаментінің басшысы, төрағаның орынбасары, кейін ҚР Энергетика министрлігі Атом және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды.

Кәсіпорын басшысы Қайрат Рахимов Абай Мұхтарұлының жаңа қызметіне жетістіктер мен табыс тіледі. Бас директор кәсіпорынды жаңғырту бағдарламасын іске асыру бойынша ұйымдастыру жұмыстарын жандандыру, сондай-ақ, оған жұмсалатын қаражатты тиімді пайдаланудың маңыздылығын атап өтті.