Халықаралық мұражайлар күні / Международный день музеев

     

        Жыл сайын 18 мамырда әлем елдері Халықаралық мұражайлар күнін атап өтеді. Маңғыстау облысының аумағында қазіргі кезде бірнеше мемлекеттік, ведомстволық және мектеп мұражайлары жұмыс істейді. Олардың қатарында біздің кәсіпорынның мұражайы да бар. Мұндағы қызметкерлер комбинаттың 51-жылдық тарихын көрсететін құжаттар мен экспозицияларды жинақтап, үнемі толықтырып отырады.

       МАЭК мұражайы 2005 жылы комбинаттың тәжірибелі мамандарының және еңбек ардагерлерінің күшімен жасақтала бастады. Алғашқыда кәсіпорын суретшілерінің көмегімен бір экспозициялық зал ашылды. Содан кейін 2009 жылы мұражай қызметкерлері мен О.В.Шлычков бастаған арнайы шақыртылған суретшілер тобы бірлесіп, қосымша экспозициялық жұмыстар жүргізді.  Қазіргі уақытта кәсіпорын мұражайы  төрт  залмен қамтылған.

           Комбинатқа келген қонақтар алдыменен біздің мұражайға келіп, кәсіпорынның қызметімен, тарихымен танысады. Келушілер бүкіл бір өңірдің тіршілігін қажетті ресурстармен қамтамасыз етіп тұрған осындай ірі кәсіпорынның қалыптасуына атсалысып, маңдай тер төккен ардагерлерге, олардың ісін жалғастырушы, комбинаттың бүгінгі  майталман еңбеккерлеріне алғыстарын білдіреді. Өткен жылы мұражайда мектеп оқушылары мен студенттер, 3502 әскери бөлімінің сарбаздары және комбинат қонақтары, барлығы 971 адам қатысқан 70 экскурсия өткізілді. Осы жылы карантинге дейін 18 экскурсия өткізіліп, 180-нен астам келушілер болды. Ал  15 наурыздан бүгінгі күнге дейін коронавирус індетіне байланысты экскурсиялар жүргізуге уақытша шектеу қойылды. 

        Мұражай қызметкерлері карантин кезінде іштегі қор жұмыстарымен айналысып, болашақта ұйымдастырылуы мүмкін стационарлық және көшпелі көрмелерге қажетті экспонаттардың түсіндірмелерін дайындап, есебін жасады. Жақын арада біз іштегі бос алаңдарға жаңа сөрелер қойып, экспозицияларды толықтырмақпыз. Ақпараттық-есептеу орталығы, Диспетчерлік және технологиялық басқару құралдары қызметі және экспозицияда әлі жоқ басқа да бөлімшелерге арналған стендтер мен витриналарды жасақтауды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ, комбинатта  қызмет еткен ғалымдарға, өндіріс ардагерлеріне арналған көрмелерімізді, БН-350 РҚ тарихына  және Маңғыстау табиғатына арналған залдарды толықтырмақпыз.

*******************************************************************************************************************************************************************

     Ежегодно во всем мире  18 мая  празднуется  Международный день музеев.   На территории Мангистауской области в настоящее время   работают    государственные, ведомственные и  школьные музеи. К  ведомственным музеям  относится  музей нашего предприятия.   Вот уже пятнадцать  лет его сотрудники   бережно собирают и хранят  свидетельства   51-летней  истории  комбината,  объединяя  их  в экспозиции.

 

     История  создания    музея  не раз освещалась  на страницах нашей газеты.  В нескольких словах хочу напомнить,  что  музей   начал оформляться  в 2005 г. силами специалистов,    ветеранов комбината.  С помощью художников   предприятия была  оформлена  первая экспозиция, затем в   2009 году  началось переоформление экспозиции  силами сотрудников  музея и приглашенных художников во главе с О.В.Шлычковым. В настоящее время  в музее четыре  экспозиционных зала.             

       За эти годы  музей посещали люди  разных профессий, возрастов и все практически уходили  с благодарностью к тем, кто построил и работает на  этом  предприятии. За  2019 год было проведено 70 экскурсий по музею. Посетили музей   971 человек, это в основном учащиеся школ и колледжей города и области, солдаты срочной службы, командный состав в/ч 3502, работники и гости комбината.  В 2020 году с  15 марта  по сегодняшний  день экскурсии  запрещены в связи с эпидемией коронавируса.  В этом году до   карантина было проведено 18  экскурсий, было свыше 180 посетителей.

           В ближайшее время мы планируем  добавить витрины, за счет свободной площади в экспозиции, закрыв планшетами окна.  Планируем оформить  стенды и  витрины, посвященные   подразделениям: цеху связи, информационно-вычислительному центру и другим подразделениям, которых еще нет в экспозиции,  а также сделать более подробными выставки,  посвященные ученым, ветеранам производства комбината, дополнить залы природы и  истории РУ БН-350.  В период карантина мы занимаемся фондовской работой, ведем описание и  учет  предметов музейного значения, как фонд для  дополнения или переоформления в будущем  стационарных и передвижных выставок.

                                                                                                                                          Людмила Быкова

 

 

logo.png
МАЭК-Казатомпром
Сделаем мир светлее!

АДРЕС

ТОО "МАЭК-Казатомпром" Мангистауская область, г.Актау, Промзона 7, здание 65
e-mail: maek@maek.kz

Search