19.04.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

«Біз сіз үшін жұмыста қалдық, сіз біз үшін үйде болыңыз» – МАЭК қызметкерлері челленджді қолдады

           Бүкіл әлемді дүрліктірген індеттің  таралуына жол бермеу мақсатында  дәрігерлер арасында "Біз сіз үшін жұмыста қалдық, сіз біз үшін үйде болыңыз" челленджі басталған болатын. МАЭК қызметкерлері де бұл акцияны қолдауды жөн көріп, Маңғыстаулықтарды карантин кезінде адамдар көп жиналатын орындарға бармауды, денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауды, үйде болуларын өтінді.

          Айта кету керек, МАЭК – облыс тұрғындарын тіршілікке қажетті барлық ресурстармен қамтамасыз ететін бірден-бір ірі кәсіпорын. Сондықтан мұнда барлық тиісті қауіпсіздік шаралары сақталып, қызметкерлердің денсаулығы үнемі бақылауда ұсталып, өндіріс тоқтаусыз жұмыс істеуде.

                                                                                                                                                                                                                                                                                    Айнұр Қобланова