Жоғарғы лигадағы ойын

 

Ақтау қаласында    шағын футболдан Жоғарғы лиганың облыстық турнирі өтуде. Турнирге қатысушы командалар құрамында Бразилия, Ресей, Украина сияқты шет мемлекеттерден келген легионерлер бар. Өңкей мықтылар ойын көрсететін бұл бәсеке өте қызықты өтуде. Біздің кәсіпорын қызметкерлерінен құралған футбол командасы бұл біріншілікке жылдар бойы қатысып келеді. Биыл да МАЭК командасы турнирдің барлық кезеңдерінен сәтті өтіп, қазірде Жоғарғы лигада бақтарын сынауда. Жарыстағы ең мықты командалармен, кәсіби футболшылармен ойында өз шеберліктерін көрсету үшін біздің жігіттер  дайындықтарын мықтап, бар күш-жігерін жұмсап, жақсы нәтижелерге қол жеткізуде. Өткен демалыс күндері де МАЭК футболшылары тамаша ойын көрсетіп, рейтинг кестесінінің бастапқы орындарында жайғасқан «Ерсай» компаниясының командасын 2:1 есебімен ұтты.

МАЭК командасының биылғы құрамында атақты боксшы, Олимпиада ойындарының 2 дүркін күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов бар. Белгілі спортшы бүгінде Нұр-Сұлтан қаласында тұрып, қызмет етуде. Бірақ ол соған қарамастан, біздің кәсіпорын командасын қолдап, сенбі, жексенбі күндері «Батыр» спорт кешенінің  шаршы алаңында өтіп жатқан додаға қатысуда. Әділбек рингте ғана жақсы боксшы болып қоймай, өзінің футбол алаңында да шебер ойыншы екенін көрсетуде. Ол комбинаттың қарапайым қызметкерлерінен құралған команда ойыншыларын жеңіске жігерлендіріп, кәсіпорын намысын қорғап, шешуші голдарды соғуда.

МАЭК футболшыларының құрамасы облыста жеңімпаздар ретінде танылған, спорт сүйер қауымның  сүйікті командаларының бірі.  Өткен бір жылдың өзінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ  спартакиадасында және «Самұрық-Қазына» АҚ ұйымдастыруымен өткен батыс аймақтар  спартакиадасында, сондай-ақ облысымыздың кәсіподақтары арасында өткен турнирде бірінші орындарға ие болды. Комбинат құрамасы көктемге дейін болатын бұл жарыстарда да өз шеберліктерін көрсетіп, жүлделілер қатарынан орын алады деп сенеміз.

Маңғыстау облысының құрметті азаматы Әділбек Сәбитұлы Ниязымбетов 1989 жылдың 19 мамырында дүниеге келген. 2000 жылдан бастап Марат  Жәкиевтің жаттықтыруымен бокспен айналысқан. Ол  2011 және 2013 жылғы бокстан өткен  әлем чемпионатының күміс жүлдегері, 2013 және 2015 жылғы Азия чемпионы, 2014 жылғы Жазғы Азия ойындарының чемпионы, 2012 жылғы және 2016 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері. Сондай-ақ,  ол Құрмет және екінші дәрежелі Барыс ордендерінің, «Халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесі үшін» медалінің иегері, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

                                                                                               Гүлбаршын Байназарова

 

Добавить комментарий


Защитный код
Обновить

logo.png
МАЭК-Казатомпром
Сделаем мир светлее!

АДРЕС

ТОО "МАЭК-Казатомпром" Мангистауская область, г.Актау, Промзона 7, здание 65
e-mail: maek@maek.kz

Search