18.04.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

МАЭКтегі мереке

 

 

 Биыл «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі төл мерекелерін Тәуелсіздік күнімен бірге атап өтті. Қазақстан қазірде  әлемдегі ең беделді әрі экономикасы дамыған іргелі елдердің бірі. Тәуелсіздігіміздің тұғыры берік болуы үшін  кәсіпорын қызметкерлері  де аянбай еңбек етіп,  бар күш-жігерін жұмсауда. 

 

Ал энергетика – еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін бірден-бір сала. Кәсіпорын  осы маңызды салада жарты ғасырдан аса абыройлы қызмет етіп келеді. Күн өткен сайын көркейіп, экономикасы өркендеп келе жатқан түбегіміздегі түбегейлі жетістіктерге комбинат ұжымының қосқан үлесі мол.

 

Салтанатты жиында алдыменен сөз алған бас директор міндетін атқарушы Игорь Чернецкий қызметкерлерді қос мерекемен құттықтап: «Алдыменен комбинаттың  қалыптасу кезеңдерінде күрделі қызметтер атқарған біздің ардагерлерімізге алғысымды жеткізгім келеді. Сіздердің өлшеусіз сіңірген еңбегіңіз бүгінгі ұрпаққа қашан да үлгі.  Сондай-ақ, комбинаттың абыройлы қызметі үшін адал еңбек етіп жатқан ұжым мүшелеріне де ризалығымды білдіремін. Біраз қызметкерлеріміз мерекелерді жұмыс орнында қарсы алуда. Комбинаттың басты міндеті -  тұтынушылардың барлық категорияларын сенімді түрде және үздіксіз энергиямен  қамту. Біз әрдайым облыс өндірісінің одан әрі дамуы және оның тұрғындарының жайлы өмірі үшін  бар жағдайды  жасауға жұмыстанып келеміз. Ұжым мүшелері келер жаңа жылды жоғары өндірістік жетістіктермен қарсы алып отыр. Атап айтсақ, он бір айда  4,3 млрд.кВт.cағ. - электр энергиясы; 3,3 млн.Гкал - жылу энергиясы; 12,6 млн.м– ауыз су; 2,8 млн. м–техникалық су; 3,4 млн.т ыстық су; 18,7 млн.мдистиллят өндірілді.    Қысқа дайындық жұмыстары да уақытында аяқталып, жылу беру маусымында да кідіріс болған жоқ. Сіздердің жұмыстың қиындығына қарамай  атқарған нәтижелі қызметтеріңізге табыс тілеймін. Баршаңызға мықты денсаулық, отбасыңызға қуаныш пен бақыт тілеймін!»,-деді.

 

            Салтанатты шара барысында комбинаттың еңбек озаттарына Игорь Чернецкий  Комбинат басшылығының, облыс және қала әкімдерінің,  «KAZENERGY» Ассоциациясының Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарын, Қазақстан Электр энергиясы  Ассоциациясының «Еңбегі сіңген энергетик» төсбелгілерін табыстады. Ал мереке қонақтары болған еңбек ардагерлеріне арнайы жасақталған сыйлықтар берілді. Сондай-ақ, жыл бойы өткізілген МАЭК Спартакиадасының жеңімпаздары Қауіпсіздік қызметі (1 орын), Комбинат басқармасы/БӨжАҚ ЖЦ (2 орын), ЖЭС (3 орын) командалары арнайы кубокпен марапатталды.

 

          Кәсіпорын  елу жылдық тарихында бірнеше қайта құрулар мен оңтайландыру, трансформациялау  кезеңдерінен өтті. Осы жылдың соңына қарай Үкімет Қаулысы мен тиісті Келісім шарт негізінде  «Самұрық-Қазына» Ұлттық Әл-ауқат Қоры «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС қатысу үлесінің 100 пайызын мемлекет меншігіне берді. Кәсіпорынның ұйымдық нысаны  бұрынғы жауапкершілігі шектеулі серіктестік күйінде қалдырылды. Серіктестіктің мемлекеттік қатысу үлесін  иелену және пайдалану құқығы Энергетика министрлігіне берілді. Бұл жөнінде әңгімелеген комбинат басшысы осы  өзгерістер көптеген өзекті мәселелерді шешуге септігін тигізеді деген үмітте екендігін жеткізді.

         Мереке соңы танымал әншілердің концертіне ұласты. 

                                                                                          Гүлбаршын Байназарова