29.03.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Ауызашар берілді

       Оразаның соңғы күндерінің бірінде МАЭК кәсіпорнының бас директоры Қайрат Әбдірәсілов сауапты іс жасап қаланың бір топ ақсақалдарына дастархан жәйіп ауызашар берді.
   Дастархан басында жасы тоқсанға келген Лепес қажы дұға жасап, жиналғандарға бата беріп, жылы лебізін білдірді.
        Отырыс кезінде Маңғыстаудың әртүрлі қызмет саласында еңбек еткен ардагер ағалар кәсіпорынның аймақ үшін маңыздылығын әңгімелеп, комбинат ұжымының тұрғындарды жарықпен, сумен, жылумен қамтудағы қажырлы еңбегі үшін ризашылық сезімдерін білдірді.
     Ақтау қаласында балалық шағы өтіп, мектеп қабырғасында білім алған, Құйылыс су көзін ашудағы грек И.Арпаниди мен гурьевтік Қалмұханбет Сұпығазиевтың  аңызға бергісіз ерлікке толы еңбегі өзінің болашақ мамандық таңдауына тікелей әсер еткені туралы өлкемізден шыққан тұңғыш гидрогеолог, Ақтау қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманжол Қартбай естелігімен бөлісті.
      Комбинаттың Бас директоры Қайрат Әбдірәсілов, оның орынбасары Қыдырбай Қасымбеков, БН-350 реактор қондырғысының директоры Марат Молдағұлов қонақтарды МАЭКтің бүгінгі тыныс тіршілігі, реакторды кәсіпорыннан бөлектеп республикалық бюджеттен қаржыландыру мәселелерінің шешімін табу барысындағы мағұлматтармен таныстырды.
        Отырыс соңы емен-жарқын әңгімеге ұласып, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серікбай Төлетов комбинат басшылығына ұйымдастырған сауапты ісі үшін алғыс айтты.

Ифтар для аксакалов

       В  священный месяц Рамазан принято приглашать постящихся на ауызашар. Генеральным директором энергокомбината Кайратом Абдрасиловым был накрыт дастархан для аксакалов, которые держат пост ораза.

        В начале разговения девяностолетний аксакал Лепес кажы, прочитав аят из Корана, благославил собравшихся. Выразил теплые слова в адрес организаторов ауызашар.

      За теплым угощением представители старшего поколения, трудившиеся в различных отраслях Мангистауской области, тепло отзывались о неустанном и непрерывном труде коллектива комбината, который стабильно снабжает население теплом, водой и электрической энергией, подчеркнули важность работы энергопредприятия, как флагмана экономического развития края, и пожелали удачи в дальнейшей его работе.

        Первый мангистауский гидрогеолог, ныне Председатель городского Совета ветеранов Аманжол Картбай рассказал присутствующим, что, будучи учеником старших классов одной из Актауских школ, он стал свидетелем открытия источника «Куйылыс» советскими гидрогеологами И.Арпаниди и К.Супугазиева. Этот момент навсегда оставил отпечаток в памяти Аманжола ага и позже повлиял на выбор его будущей специальности.

    Генеральный директор комбината Кайрат Абдрасилов, его заместитель Кыдырбай Касымбеков, директор РУ БН-350 Марат Молдагулов рассказали гостям о текущей деятельности предприятия, существующих проблемах и мерах по их решению, о работах по выведению реактора из состава МАЭК и возможности его финансирования из республиканского бюджета.

        В завершении ауызашар Председатель Мангистауского областного Совета ветеранов Серикбай Тулетов поблагодарил руководство МАЭК за радушный прием и пожелал удачи во всех начинаниях коллектива энергетического комбината.